Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Суарудың су үнемдеу технологияларын енгізу су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді – С. Омаров

Сейсенбі, 22 Желтоқсан 2020, 11:48:43

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су ресурстарын пайдалану мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндама жасады.

Ағымдағы жылғы вегетациялық кезең оңай болған жоқ деп мәлім етті ауыл шаруашылығы министрі. Оның айтуынша, бұған оңтүстік облыстардағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің су тапшылығына қатысты көптеген өтініштері дәлел бола алады.

Үкімет қабылдаған шаралар және әкімдіктердің үйлесімді жұмысының арқасында егін жинау айтарлықтай шығынсыз өтті.

Сапархан Омаров атап өткендей,  суармалы жерлерде суаратын суды ұтымды және үнемді пайдалану маңызды міндеттердің бірі болып отыр. 

«Әкімдіктердің деректеріне сәйкес 2020 жылы суармалы жерлердегі егіс алаңы 1,4 млн га құрады. 1,1 млн астам га немесе 79% ауыл шаруашылығы дақылдарын жер бетімен суару тәсілімен суарылады. 104 мың га негізінен күріш алқаптары жаппай су жаю әдісімен суарылады, ал егіс алаңының 200 мың га немесе 13,5%-ына ғана заманауи тамшылатып немесе жаңбырлатып суару әдісі пайдаланылады», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарында ылғал үнемдеу технологияларын пайдалану пайызы жоғары екенін атап өту керек. Мұны экология министрлігінің солтүстік өңірлерде суармалы егіншілікті дамыту әлеуеті туралы тезисі растайды.

Сапархан Омаров суармалы жерлердегі егіс алаңдарының құрылымына да тоқталды. 

Статистика деректері бойынша майлы дақылдар, азықтық дақылдар, көкөніс-бақша дақылдары, мақта, картоп, күріш, қант қызылшасы өсіріледі.  Суармалы жерлердегі негізгі үлес бидай мен арпа сияқты тәлімі дақылдарға, сондай-ақ мақта мен күріш сияқты монодақылдарға тиесілі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктерінің арасында жасалған меморандумдар шеңберінде суды көп қажет ететін дақылдар мен монодақылдардың үлесін азайту, сондай-ақ рентабельділігі жоғары балама дақылдардың (көкөніс-бақша, азықтық, майлы дақылдар) алаңдарын ұлғайту арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде.

Министр хабарлағандай, ағымдағы жылы мақта өсіру алаңы 126 мың га құрады, бұл 2017 жылғы деңгейден 8,6 мың га аз.

Күріш алаңы бойынша болмашы төмендеу байқалады, 2017 жылмен салыстырғанда бар болғаны 700 га азайды.

Оның айтуынша, меморандумдардың көрсеткіштеріне қол жеткізілмеудің негізгі себебі меморандумның ұсынымдық сипатқа ие екендігінде, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жатпайтындығында. 

Осы мәселені реттеу үшін министрлік салалық «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңға уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу нормасын енгізу бөлігінде өзгерістер енгізді. Сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары бойынша индикативті көрсеткіштер енгізілді. Бұл облыс әкімдіктерінің меморандумдар көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жауапкершіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Омаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы өндірушілері тарапынан әртараптандырудың төмен қарқынының негізгі себептері мыналар:

  • дақылдардың «әлеуметтік» құрамдас бөлігі;
  • басқа дақылдарда құзыреттің және жолға қойылған өткізу нарықтарының  болмауы;
  • топырақтың сортаңдануы;
  • машиналардың қолданыстағы жүйесі және жаңа құралдар мен басқа дақылдарды сатып алу қажеттілігі;
  • су құнының төмен болуы су үнемдеу технологияларын сатып алуды ынталандырмайды.

Ауыл шаруашылығы саласының басшысы түсіндіргендей, егіс алаңдарын әртараптандыру жұмыстарын министрлік тұрақты негізде үйлестіретін болады, сондықтан әкімдіктер осы бағыттағы жұмысты жандандыруы қажет.

Бұл ретте, Қызылорда облысында күріш алаңын қысқарту жөніндегі көрсеткіш орындалмағанын атап өткен жөн. Мәселен, меморандумға сәйкес Қызылорда облысында 2020 жылы күріштің егіс алаңы 75 мың га құрауы тиіс еді. Алайда 2020 жылы нақты егіс алаңы 89 мың га құрады. Яғни индикативтік көрсеткіштердің жыл сайынғы артуы 14 мың га асады.

Осыған ұқсас жағдай Алматы мен Түркістан облыстарында да орын алуда, оларда жыл сайынғы көрсеткіштен артығы тиісінше 500 га және 2,3 мың га құрайды.

Сондай-ақ Түркістан облысында да мақта алаңдарын қысқарту бойынша көрсеткіш орындалмаған. Мәселен, биыл мақтаның нақты көлемі меморандумда көзделген алаңнан 16 мың га артық болды. 

Бұдан басқа, Қызылорда және Түркістан облыстарында бидай алаңын қысқарту бойынша көрсеткіш орындалмаған. Ағымдағы жылы Қызылорда облысында бидай егілетін алаң меморандумда көзделген алаңнан екі есе асып түсті. 

Түркістан облысы бойынша да осыған ұқсас жағдай орын алуда, онда жыл сайын нақты алаң меморандумның индикативті көрсеткіштерінен асады. Мұнда бидай алқабы 11 мың га-ға төмендеген Алматы облысының үлгісі көрсетілген, осылайша меморандум көрсеткіштері орындалды.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін заманауи ылғал үнемдеу технологияларын қолдануға көшуге ынталандыру мақсатында министрлік жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалған шығындардың 50%-ын өтеуді көздейтін инвестициялық субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады. 

Фермерлерді оқыту және білім тарату жүзеге асырылуда, оның ішінде американдық Валмонт компаниясымен бірлесіп құрған демонстрациялық фермалар желісі арқылы да жүргізілуде.

Министр жаңа су ресурстарын басқарудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасында су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаңды 750 мың га дейін жеткізу жөніндегі индикатор көзделгенін атап өтті.

Суарудың су үнемдеу технологияларын толық көлемде енгізу су шығынын азайтып, өнімділікті арттыра отырып, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Суармалы жерлер алаңын 2030 жылға дейін біртіндеп 3 млн га дейін жеткізу міндеті шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарының болжамды құрылымын әзірледі. Бұл құрылым облыстар әкімдіктеріне іске асыру үшін жолданды.

«Ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің болжамды құрылымында күріш сияқты суды көп қажет ететін дақылдар үлесінің 75 мың га дейін және мақта дақылдары үлесінің 100 мың га дейін азаюы күтілуде. Сондай-ақ, 2030 жылы егіс құрылымында масақты дәнді дақылдарды 50 мың га дейін азайту жоспарлануда, бұл ретте солтүстік өңірде дәнді дақылдарды азықтық ауыспалы егісте суару көзделген», — деді Омаров.

Оның айтуынша, суармалы жерлердің көрсетілген алаңын дұрыс пайдалану Мемлекет басшысы алға қойған жоғары рентабельді дақылдар өндірісіне көшу, импортты алмастыру және суармалы жерлер алаңын 2030 жылға дейін біртіндеп 3 млн га дейін жеткізу міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, облыстың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуалы Сырдария өзені бассейнінің кепілді сумен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты.

Облыс трансшекаралық Сырдария өзенінің ең төменгі ағысында орналасқандықтан, жоғарыдан келетін судың көлеміне тәуелді.  

«Бізде барлық суармалы жердің көлемі – 251 мың га, оның инженерлік жүйеге келтірілгені – 178,6 мың га. Биыл облыста 184,2 мың га 525 ауыл шаруашылығы құрылымдары егін екті. Оның ішінде негізгі дақыл күріш егісінің көлемі 89,5 мың га құрады», — деді облыс әкімі.

Соңғы жылдары Сырдарияның төменгі ағысында вегетациялық кезең күрделі су тапшылығы жағдайында өтуде.

Биыл егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға бекітілген 4 млрд 160 млн м3 көлеміндегі су лимитінен нақты 4 млрд 57 млн м3 су алынды. Яғни, вегетация кезінде 103 млн м3 су кем алынды. 

Орын алған су тапшылығы жағдайында егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында 15 шілдеден 30 тамызға дейін каналдарда суды кезектестіріп беру ұйымдастырылып, 382,7 км 154 каналға қосымша тазалау жұмыстары жасалды. 

Сонымен қатар, 52 дана су тарту қондырғыларымен пайдаланылған суды егістікке қайта беру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде алынатын өнімнің ықтимал шығындары азайтылды.

Жыл сайынғы вегетация кезінде орын алып отырған су тапшылығын азайту мақсатында алдағы жылдары егін шаруашылығын әртараптандыру жұмыстарына басымдық берілетін болады. Мысалы, егіс алқаптарының топырақ жағдайының 35% – қатты, 65% – орташа тұзданғанын ескерсек, пайдаланылған судың басым бөлігі топырақ тұздылығын шаю қызметін атқарады. 

Арал өңірінің ерекше топырақ-климаттық жағдайларында күріштің мелиоративтік-экологиялық және экономикалық маңызы зор. Егер аймақта күріш көлемі күрт төмендетілсе, инженерлік тегістелген жерлердің екінші тұздануына әкеп соғатыны белгілі. Бұл ғылыми дәлелденген.

«Сондықтан, ауыспалы егіс тәртібін қатаң сақтап, біз күріш дақылы көлемін кезең-кезеңімен 75-80 мың га тұрақтандыратын боламыз. Яғни, 2021 жылы күріштің егіс көлемін 5,1 мың га азайтып, 84,4 мың га дейін төмендету болжамдалып отыр», — деді Г. Әбдіқалықова. 

Ал, оның орнына суды үнемдеуге мүмкіндік беретін басқа дақылдар көлемін 6 мың га ұлғайтылатын болады, яғни  мал азығы дақылдардың көлемін 4,6 мың га, майлы дақылдар 900 га, картоп, көкөніс, бақшалық дақылдардың көлемі 476 га ұлғайтылады. Нәтижесінде келесі жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 3,1 мың га арттыра отырып, 187,3 мың га құрайды.  

Сонымен қатар, суармалы суды тиімді пайдалану мақсатында 2021 жылдан бастап облыста 18 мың га астам суармалы егістік жерлерінде суды үнемдеу технологияларын енгізу жобаларын іске асыру жоспарланып отыр. Яғни, суды үнемдеу мақсатында жаңбырлатқыш қондырғыларын пайдалана отырып Қазалы ауданында 87 га жерге жүгері, Шиелі ауданында 10 мың га жерге суды екінші рет пайдалану арқылы жоңышқа және Жаңақорған ауданында тамшылатып суару әдісімен 3 мың га қызанақ егу басталады.

«Сонымен бірге, біз жаңа технологияларды енгізіп, ылғал сақтағыш аквогельді пайдалану арқылы тәлімді жерлерді игеруге кірістік. Келесі жылы тәлімді жерлерде суару әдісін пайдаланылмай 500 га мақсары және 200 га жаздық бидай дақылын егу межеленіп отыр», — деп нақтылады облыс басшысы.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алу үшін облыста ең негізгі мәселенің бірі – инженерлік жүйеге келтірілген жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту. Облыста 158 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдаланылмай жатқан 29 мың жерді айналымға қосу мақсатында 3 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

«2019 жылдан бастап Жалағаш ауданында 15 мың га инженерлік жүйеге келтірілген жерлерге мелиоративтік жұмыстар басталды. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде суармалы судың көлемін 30%-ға дейін үнемдеуге, ал ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін 25%-ға дейін арттыру жоспарланған», — деп түйіндеді Г. Әбдіқалықова. 

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, облыста 1 млн га астам егістік бар, оның ішінде суармалы жерлер көлемі 481 мың га құрайды. 

Осы жылы құрғақ ауа райы мен таулардағы мұздықтардың аз еруі себебінен облыста өзендердің су деңгейі төмендеуі байқалды. Суармалы судың жетіспеуін болдырмау үшін облыстың барлық аудандарында суару кестеге сәйкес кезек бойынша жүргізілді.

«Осындай жағдайларды ескере отырып облыста су ресурстарын ұтымды пайдалану үшін су үнемдеу технологиясын қолдану алаңдары жыл сайын ұлғаюда. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде  соңғы 3 жылда күріш алқабы 1 мың га азайтылып, 10 мың га құрады. Келесі жылы күріш алқаптары тағы 1 мың га азаятын болады», — деді А. Баталов.  

Сонымен қатар басым дақылдардың алн арттыру көзделіп отыр. Бұл ретте басым дақылдар алқаптары: қант қызылшасы 5 мың гектарға, жүгері 6 мың гектарға көбейді. Бақтардың алқабы 2 мың гектарға өсті.

Жалпы, облыс аумағында 249  гидротехникалық құрылыс орналасқан. Барлық суару желілерінің ұзындығы 16,5 мың шақырымды құрайды. Суару желілерін қалпына келтіру мақсатында жыл сайын облыстық бюджеттен коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы объектілерін күрделі жөндеу үшін 3 млрд теңге бөлінеді.

2018-2020 жылдары облыстық бюджет есебінен 485 млн теңге сомаға апатты су шаруашылығы объектілерін күрделі жөндеуге 44 жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Оның ішінде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге 21 жоба жергілікті бюджет есебінен іске асырылды. Қалған  23 жобаны іске асыру үшін тағы 11 млрд теңге қажет.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес суармалы жерлердің көлемін ұлғайту аясында облыста 137 мың га қалпына келтіру жоспарлануда. Соңғы екі жылдың ішінде айналымға қосымша 40 мың га суармалы жерлер қосылды, бұл жұмыс жалғасуда. Төрт ауданда 35 мың гектар сурмалы жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ақсу ауданындағы көлемі 42 млн текше метр Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Аспалы алқап алаңын 7 мың га дейін ұлғайту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 9 млрд теңгені құрайды», — деді облыс әкімі. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
18 Сәуір 2021, 10:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №108
16 Сәуір 2021, 18:20
А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
16 Сәуір 2021, 18:05
Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту қорытындылары қаралды
16 Сәуір 2021, 14:39
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.