Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Тараптардың өтініші болса, азаматтарға сот отырыстарына тікелей қатысуға мүмкіндік берілген — Е. Тоғжанов

Дүйсенбі, 27 Қыркүйек 2021, 19:18:52

Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары туралы брифинг барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Мәселен, журналистерді мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен өтетін ресми іс-шараларға, Үкімет отырыстарына және т.б. қатысуға тыйым салу мәселесі қызықтырды, бұл сұраққа жауап берген Е. Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының қазіргі уақытта «қызыл» аймақта екенін еске салды. Сондай-ақ, іс-шараларды, соның ішінде салтанатты іс-шараларды өткізуге қатысты ТЖ кезінде жұмыссыз қалған шағын және орта бизнес өкілдерінен көптеген өтініштер келіп түсті. Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты қатаң шарттарды сақтай отырып, бірқатар іс-шараларды жүргізуге рұқсат берілді.

«Біріншіден, әркімнің “Ashyq” бойынша “жасыл” мәртебесі болуы керек. Екіншіден, шаралар кезінде егер аймақ “жасыл” аймақта болса оған қатысушылар 100 адамнан аспауы тиіс, егер “қызыл” аймақта болса толымдылық 50 адам ғана болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, эпиджағдайды ескере отырып, біз біртіндеп ковидке дейінгі өмірге оралуымыз керек», — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Премьер-Министрдің орынбасары бүгінгі таңда Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал қалай болып жатқанын және COVID-19-ға байланысты дүрбелеңге түсудің қажеті бар-жоғын айтты.

«Сіз бірқатар елдердің, атап айтқанда Сингапур, Жапония тәрізді елдердің бүгін ковидтің кесірінен үрейленіп жатқанын көрмедіңіз. Ковидпен өмір сүрудің уақыты келді. Біртіндеп қалыпты өмірге көшу керек. Бір сөзбен айтқанда, біз коронавирус инфекциясымен өмір сүруді үйренуіміз керек деп ойлаймын. Әлемнің жетекші сарапшыларының пікірінше, жақында коронавирус ЖРВИ, тұмау сияқты маусымдық вирустық аурулар қатарына өтуі мүмкін», — деді  Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кең ауқымды вакциналауды ескере отырып, Қазақстанда белгілі бір ұжымдық иммунитет қалыптасты.

«Бүгінде іс жүзінде 7,5 млн қазақстандық вакцина алды. Бұл маңызды көрсеткіш деп ойлаймын. Дәл осы көрсеткіштер бізге пандемияға дейін біртіндеп өмірге оралуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ВАК-та қабылданған жеке нысандарды, рейстерді ашуға қатысты әрбір шараны көріп отырсыздар. Менің ойымша, бұл заңды процесс. Бірақ ешқашан жағдайда бақылаусыз қалдыруға болмайды. Біз көрші мемлекеттерде белгілі бір шиеленісті көріп отырмыз, сондықтан біз барлық сақтық шараларын сақтауымыз керек және оған міндеттіміз», — деді ол.

Журналистерді мемлекеттік мекемелерге кіргізуге қатысты Е. Тоғжанов бүгінде БАҚ өкілдері мен қатардағы қазақстандықтар үшін ақпараттың қолжетімділігіне шектеу жоқ екенін түсіндірді. Бұл ретте журналистердің жеке қатысуына карантиндік шектеулердің енгізілуі цензура емес және ақпаратқа қол жеткізуге кедергі болып табылмайды. Оның айтуынша, Үкіметте, Парламентте жүргізіліп жатқан барлық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, онлайн режимде таратылады, өйткені эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан санитарлық талаптар (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін сақтау) жойылған жоқ.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов КВИ пандемиясы кезеңіндегі салықтық жеңілдіктерге байланысты декреттік жәрдемақылардың төленбеуіне байланысты жағдайға түсініктеме берді.

«Бұл мәселе Парламент қарауында жатыр. Осы жағдайға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылданды. Биыл жылдың соңына қарай түпкілікті шешім қабылданады», — деді ол.

Келесі сұрақ сот процестерін бетпе-бет форматта жүргізуге қатысты болды, атап айтқанда, егер елде бұқаралық іс-шараларға рұқсат етілсе, мұндай әрекеттерге неге тыйым салынып отыр деген сұрақ қойылды.

«Сот отырыстарын онлайн режимінде өткізу КВИ-мен байланысты карантин енгізілгенге дейін әлдеқайда бұрын басталды. Жалпы, қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарына кіру қызметкерлер мен келушілердің "жасыл" мәртебесі болған жағдайда "Ashyq" арқылы жүзеге асырылады», — деді  Е. Тоғжанов.

Ол сондай-ақ, егер тараптардың өтініші болса, азаматтарға сот отырыстарына тікелей қатысуға мүмкіндік берілгенін айтты.

Автоматтандыру мен цифрландыру қазақстандықтардың жұмыс орындарын жоғалтуына қауіп төндіре ме деген сұраққа Премьер-Министрдің орынбасары бұл үрдіс кәсіптердің жойылып бара жатқанын білдірмейтінін, керісінше кәсіби қайта бағдарлау немесе басқа мамандықтарға өзгерту болып жатқанын айтты.

«Бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар біліктілік жүйесін құруды талап етеді», — деді ол.

«QazVac» отандық вакцинасын шығаратын Жамбыл зауытының жұмысы мен өндірістік қуатына қатысты Ералы Тоғжанов қазіргі уақытта зауытта монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстары толық аяқталғанын, таза үй-жайлардың валидациясы жүргізіліп жатқанын айтты. ҒЗИ қызметкерлері толық оқытудан өтті.

Е. Тоғжанов зауытта бастапқыда айына 50 мың доза, сәуірден бастап 100 мың доза қазақстандық вакцина өндірілгенін еске салды.

«Тамыз айында Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында "QazVac”-тың 650 мың дозасы өндірілді. Қыркүйек айының соңына дейін өңірлерге зауытта құйылған 750 мың доза түседі. Бұл зауыттың белгілі бір қуатына шығып жатқандығын көрсетеді. Болашақта біз ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп, тіпті экспортқа шыға аламыз», — деді Ералы Тоғжанов.

«QazVac»-тың дельта-штаммға қарсы тиімділігіне келетін болсақ, жүргізілген зерттеулер вакцинаның дельта-штаммға қатысты тиімді екенін көрсетті. Үкіметтің тапсырмасы бойынша ғылыми-зерттеу институты ухань коронавирусының штаммын «Дельта»-ға бейімдеу және алмастыру бойынша маңызды жұмыс жүргізді. Қазан айында барлық «QazVac» вакциналары дельта штаммымен шығарылады. Осы штамм бойынша бүгінде патологиялық материалдар алынды, екі апта ішінде штаммға зерттеу жүргізу жоспарлануда.

Бұдан әрі дельта-штаммға қатысты «QazVac»-тың тиімділігін бағалау жүргізіледі.

«Бұл бүгінде бақылауға алынған жұмыс және ҒЗИ біздің еліміздің халқын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті іс-шараларды алдын ала жүргізуде», — деді ол.

Бұдан әрі Еta-штаммға қатысты «QazVac»-тың тиімділігін бағалау жүргізіледі.

Бұдан басқа, Ералы Тоғжанов  балалардың дәстүрлі оқуға кірісуіне байланысты оқушылардың ата-аналарын санитарлық талаптарға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«Мен ата-аналардан өте қырағы болуды және бүгінгі күні санитарлық режимдегі барлық талаптарды сақтауды сұрар едім. Барлық ауруды жұқтырған балалар каникул кезінде ауырып қалған. Сондықтан мен бұл мәселеде бәріміз бірге жұмыс істеуді сұрар едім. Бұл үлкен өтініш. Себебі білім алу өте маңызды компонент. Өткен жылы білім деңгейі төмендеді. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде болды. Осы мәселе бойынша тәуекелдер барын біле отырып, биыл білім беру жүйесі офлайн режимге көшті. Бір-бірімізді қолдап, бірге жұмыс істейік», —  деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі брифинг барысында.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.