Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкіметте көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы қаралды

Сейсенбі, 30 Наурыз 2021, 09:37:58

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы қаралды.

Шаруалардың егіс науқанына дайындығы туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуі туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, өңірлердегі ахуал туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

Биыл 22,8 млн га жерге егін егу жоспарланған, бұл 2020 жылға қарағанда 186,6 мың га артық. Дәнді дақылдар мен дәнді бұршақты дақылдар 15,8 млн га (оның ішінде бидай – 12,1 млн га), майлы дақылдар – 3 млн га, мақта – 116,5 мың га, қант қызылшасы – 21,8 мың га, көкөніс және картоп – 489 мың га, жемшөп дақылдары 3,4 млн га жерге егіледі.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 380 мың тонна дизель отынына қажеттілік анықталды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін оның орташа бағасы шамамен литріне 165 теңгені құрайды.

Елімізде 141,7 мың трактор, 73,2 мың тұқым сепкіш, 221,2 мың топырақ өңдеу құралы, 4,3 мың егіс кешені бар. 2021 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы техникасының көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындығы 97% құрайды.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ республикалық бюджеттен 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлді. Түпкі қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесінің жылына 5%-дан аспайды. Бөлінген қаражат 3 млн га егіс алқабын қамти отырып, 2400 АӨК субъектісін қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Бюджеттік кредит берумен қатар, биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген қаражаттың көлемі 24,5 млрд теңгеден 45,3 млрд теңгеге дейін артты. 

«Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізу елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Былтыр пандемияға қарамастан егіс жұмыстары өте жоғары деңгейде жүргізілді. Агротехнологиялар дәл сақталып, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары уақтылы салынды. Бұл мол астық жинауға мүмкіндік берді.  Биылғы жылы Үкімет көктемгі егісті қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдерді қабылдады», – деді А. Мамин.

Премьер-Министр Экология министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, республиканың оңтүстік өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді суармалы сумен, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада тұрақты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. 

Өңірлердің әкімдеріне ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін тізбелер мен субсидиялар нормаларын бекіту жұмысын бір апта ішінде аяқтау, Энергетика министрлігіне бекітілген кесте мен бағалар бойынша егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының қажетті көлемін жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.  

«Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егіс алаңдарына жүргізіліп жатқан әртараптандыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға ерекше назар аударсын», – деді А. Мамин.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.