ҚР-да заманауи өрт автоматикасы бар нысандар саны 19%-ға артқан

Қазақстанда 2012 жылға өрт автоматикасын орнатқан нысандар саны 19%-ға артқан, деп хабарлады бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Владимир Беккер. 

«Соңғы жылдары өрт автоматикасымен 106 937 нысан жабдықталған. Өрт автоматикасы қондырғыларымен жабдықталған нысандар саны 2012 жылы 19%-ға артты», - деді В.Беккер.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік нысандарды өрт автоматикасымен жабдықтауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. 

Республикамызда заманауи өрт автоматикасымен жалпы білім беру орындарының 85% және емдеу орындарының 70% жарақтандарылған, Астана мен Алматы қалаларында жабдықтандыру 100%-ға жеткен.

Айта кету керек, 2012 жылдың 12 айында республикада 16 904 өрт болған, оның салдарынан материалдық шығын 5,615 млрд теңгені құраған. 2011 жылмен салыстырғанда өрт саны 11%-ға, ал материалдық шығын - 12%-ға артқан, оттың кесірінен 521 адам көз жұмған. 

Өрт саны мемлекеттік өрт бақылауының қадағалауына жатпайтын нысандар арасында жиі кездеседі. Өрттердің жергілікті орналасқан жері бойынша өрт өндірістік ғимараттарда және қойма ғимараттарында жиі орын алған. 

Өрт шығуының басты себептерінің бірі халықтың отты абайсыз пайдалануы және электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалануы кезіндегі мұқиятсыздық болып табылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу