Б. Ақшолақов: Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр

17 қыркүйекте ҚР энергетика министрі Қарағанды облысына барып, халық алдында есеп берді. Бірінші кезекте министр осы өңірдің отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы туралы баяндады.

Болат Ақшолақовтың айтуынша, энергетика министрлігінің қазіргі қызметі мұнай-газ және энергетика салалары сияқты стратегиялық бағыттарда шоғырланған. Сонымен қатар министрлік газ инфрақұрылымын іске асыру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету бойынша халық өмірінің негізгі салаларында мемлекеттік саясатты жүргізеді.

«Мұнай өнімдері бойынша биылғы шілдеде министрліктің бұйрығымен АИ-80, 92-93-ті бөлшек саудада өткізу, сондай-ақ дизель отынына шекті бағаларды мемлекеттік реттеу сақталды. Бұл ретте АИ-95-ке баға белгілеу бәсекелес ортаға берілді, оны нарық айқындайды, өйткені АИ-95 және одан жоғары бензиндер өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен жоғары октанды компоненттердің үлкен шығыны талап етіледі, олардың бағасы мұнай бағаларымен және айырбас бағамдарымен арақатынаста болады», — деді Б. Ақшолақов. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының жанар-жағармай материалдары нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасы бойынша мынадай шаралар қабылданып жатыр:

Бірінші шара. Мұнай өнімдерін өндіру және бөлу саласында ашықтықты және транспаренттілікті қамтамасыз ету.

Бұл шараның жоғары маржиналдығы бар, бұл ретте меншік құқығында мұнай базасы жоқ және шалғай өңірлер мен әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарға жанар-жағармай материалдарын бөлуге қатыспайтын өнімсіз делдалдарды нарықтан алып тастау арқылы іске асыру жоспарлануда. 

Екінші шара. Автокөлікпен мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салуды осы жылдың соңына дейін ұзарту туралы бұйрық қабылданды.

Үшінші шара. Сараланған бағаларды әзірлеу арқылы дизель отынының тапшылығына жол бермеу. 

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі дизель отынының бағасын саралауды қарастыратын бұйрық қабылдады.

«Азаматтар үшін жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 100 литрге дейін және жүк, арнайы автокөлік техникалық төлқұжатын ұсынған кезде 300 литрге дейінгі 230/260 теңге бағамен беріледі. Белгіленген көлемнен жоғары және транзиттік көлікке баға 1 литр үшін 450 теңге болады», — деді энергетика министрі. 

Оның айтуынша, күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын жеткізу мәселесін айналып өтуге болмайды.

Б. Ақшолақовтың мәліметінше, бүгінде күзгі егіс жұмыстарын уақытылы және тұрақты түрде жүргізу үшін еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өңдеу зауыттарынан тоннасы 222 мың теңге (184 теңге/литр) баға бойынша 423 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, бұл бөлшек сауда бағасынан өңірге байланысты орта есеппен 15-25%-ға төмен. 

Оның ішінде Қарағанды облысы үшін 83 мың тонна дизель отыны көзделген. Қазіргі кезде дизель отынын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиеп-жөнелту график бойынша жүзеге асырылады. 

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу нарығын реформалау бойынша мынадай шаралар пысықталып жатыр:

- аумақтар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру, онда байланыс деректері, егістік жерлердің жалпы алаңы, жанар-жағармай материалдардың қажетті көлемі көрсетілуі тиіс;

- отын тарату үшін электрондық-ақпараттық жүйені енгізу, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мұнай базаларынан немесе ресурс ұстаушылардан мұнай өнімдерін өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысын газдандыру бүгінгі таңда 76 млрд тг сомасына 24 іске қосу кешенін іске асыруды көздейді.

  • Қарағанды қаласын газдандыру құны 65,2 млрд теңге тұратын 16 іске қосу кешенінен тұрады, оларды іске асыру ТЭН-ге сәйкес шамамен 30 мың үйді газдандыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бір іске қосу кешені пайдалануға берілді, нәтижесінде 235 абонент техникалық шарттар алды, 135-і табиғи газға қол жеткізді.

  • Теміртау қаласын газдандыру 8 іске қосу кешенінен тұрады, оларды іске асыру ТЭН-ге сәйкес 9 128 үйді газдандыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бір іске қосу кешені пайдалануға берілді, нәтижесінде 180 абонент техникалық шарттар алды, 119-ы табиғи газға қол жеткізді.

Жоғарыда аталған желілер 1-ші іске қосу кешені бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның сенімгерлік басқаруына берілді.

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, республикалық бюджеттен Қарағанды облысы үшін 2022 жылы автоматтандырылған станциядан Қарағанды және Теміртау қалаларына дейін газ желілерін салу бойынша жүріп жатқан 3 жобаны іске асыру үшін 6,6 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру аясында 2 жобаны жалғастыру үшін 13,9 млрд теңге көзделген.

«Энергетика министрлігі өндіруші зауыттардың шығындарын ішінара өтеу мақсатында шекті көтерме бағаны тоннасына 33 600 теңге деңгейінде бекіту туралы шешім қабылдады. Бұл шара сұйытылған мұнай газ өндірушілері мен өткізушілері арасында кірістің әділ бөлінуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сұйытылған мұнай газ өндіру зауыттарын ынталандыруға мүмкіндік береді», — деді министр.

Сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаларды мемлекеттік реттеуді сақтап қалды және Қарағанды облысы үшін сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасын бекітті. Осы жылдың соңына дейін 1 литрі – 70 теңге.

Қарағанды облысында 8 газ толтыру станциясы және 180 автогаз құю станциясы бар. Б. Ақшолақовтың айтуынша, облыс 2021 жылы 82 мың тонна сұйытылған мұнай газын тұтынды. Биылғы қаңтар-тамызда шамамен 53,2 мың тонна тұтынылды.

«Энергетика министрлігі ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып және бағалардың алыпсатарлық өсіп кетуіне жол бермей, сұйытылған мұнай газын облыстар бойынша бөлу тетігінің реинжинирингін жүргізу бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өткім келеді», — деді ведомство басшысы.

Мәселен, шаралардың бірі ретінде өндірушілер белгілеген бөлшек сауда бағаларына сүйене отырып, сұйытылған мұнай газына шекті көтерме бағаларды айқындау жөніндегі қағидалар әзірленетін болады. Сонымен қатар Президенттің тапсырмасына сәйкес сұйытылған мұнай газы биржасына көшу 2023 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды.

Биылғы 20 шілдеде биржадағы сауда кезінде бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік беретін Биржалық сауданың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді. 

Энергетика министрінің айтуынша, Қарағанды облысының электр станцияларының белгіленген электр қуаты – 2 319 МВт, қолда бар электр қуаты – 1 921 МВт. Өңірдегі негізгі энергия көздері: Қарағанды ЖЭО-3, «АрселорМитталТемиртау» АҚ ЖЭО-2, «Топар бас энергия тарату станциясы».

Б. Ақшолақов жұмыс сапары барысында басшылықпен бірге осы объектілерді аралады.

«Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 7,3 млрд млрд кВт/сағ. электр энергиясы өндірілгенін атап өткім келеді, тұтынудың оң теңгерімі байқалады», — деді министр.

Облыстағы негізгі жылумен жабдықтау көздері: ЖЭО-3 пен ЖЭО-2, олардың жиынтық белгіленген қуаты – 2,4 мың Гкал/сағ., ал қолда бар қуаты – 1,8 мың Гкал/сағ. ЖЭО-3-тің орташа тозуы – 65,1%, ал ЖЭО-2-нің тозуы – 78,6%.

Сонымен қатар энергетика министрі Болат Ақшолақов 2022-2023 жылғы жылыту маусымына дайындық туралы мәлімет берді.

Оның айтуынша, Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр. Жалпы күзгі-қысқы кезеңге 7 энергия көзінің және 685 жергілікті жылу көздерінің, 569 кіші электр станциясының, 2 116 км инженерлік желінің, 1 126 әлеуметтік сала объектілерінің және 5 598 тұрғын үйдің негізгі және қосалқы жабдықтары дайындалатын болады.

«Бүгінгі таңда жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар орташа есеппен 93,3%-ға орындалды. Жоспарға сәйкес бұл көрсеткіш 90% болған», — деді министр.

Оның сөзінше, жыл бойы жөндеу графигіне сәйкес энергия көздерінде негізгі жабдықтың жөнделуі жалғасуда. Сонымен қатар өңірде жаңартылатын энергия көздері технологиясын қолдану арқылы энергияны өндіру белсенді түрде дамып келеді.

Жалпы Қарағанды облысында жиынтық қуаты 218,7 МВт 7 ЖЭК объектісі жұмыс істеп тұр, соның ішінде қуаты 216 МВт болатын 4 күн электр станциясы және қуаты 2 МВт 2 биоэлектр станциясы, қуаты 0,6 МВт 1 гидроэлектр станциясы бар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу