ҚР Үкіметінің отырысы, 25.06.2019

25 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Отырыстың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында азаматтардан алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шаралары, сондай-ақ АT-саласындағы инновациялық экожүйені дамыту мәселелері қаралды. 

— Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында азаматтардан алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шаралары туралы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - қаржы министрі Ә. Смайылов пен Премьер-Министрдің Орынбасары Ж. Қасымбек баяндады. 

— Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық экожүйені дамыту мәселелері туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев баяндады

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. 

— Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-қимыл жоспарының шаралары туралы баяндады. 

— Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру шаралары туралы баяндады.  

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу