12 Мамыр 2020, 11:28
12 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
— Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
— Экономиканың ахуалы туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндады.
— ҚР мемлекеттік бюджетінің орындалуы және 2020 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы банк саласының жай-күйі туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов және ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев баяндады.
— Өнеркәсіп саласының дамуы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.
— Сауда саласының дамуы туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов баяндады.
— Отын-энергетика секторындағы өзгерістермен энергетика министрі Н. Ноғаев таныстырды.
— Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Асқар Мамин мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу