ҚР Үкіметінің отырысы, 02.08.2022

2 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

 — Отырыста санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды. ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады. Үкімет басшысы эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуді, сондай-ақ шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

 — Екінші мәселені қарау кезінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасады.

— Премьер-Министр 1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді және Ұлттық жобаның индикаторларына сәйкес қоныс аударушыларды қабылдауды, орналастыруды және қолдауды қамтамасыз етуді тапсырды.

— Үкімет отырысы барысында судағы қауіпсіздікті арттыру мәселесі де қаралды. Әлихан Смайылов судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу