ҚР Үкіметінің отырысы, 03.09.2022

3 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары қаралды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, әділет министрі Қанат Мусин, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, сондай-ақ қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндама жасады.

— Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-Министр Президент Жолдауын іске асыру бойынша тапсырмалар берді. Әлихан Смайылов Үкіметтің алдында экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін, азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуін арттыру, бәріне бірдей мүмкіндіктер беру, қоғамдық қауіпсіздік пен ішкі тұрақтылықты сақтау міндеттері тұрғанын атап өтті. Отырыс соңында ол Үкіметтің келесі отырысына Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі  Жалпыұлттық жоспардың жобасын енгізуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу