ҚР Үкіметінің отырысы, 04.10.2022

4 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін енгізу мәселесі қаралды. Аталған тақырып бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.

— Баяндамашыларды тыңдап болған Әлихан Смайылов 2023 жылдың соңына дейін Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын толығымен енгізуді және автоматтандыруды, кадастрлық ақпараттық жүйелердің интеграциясын қамтамасыз етуді, сондай-ақ өңірлік желілерді инвентаризациялау үлесін жыл соңына дейін 75%-ға, ал 2024 жылға қарай 100%-ға дейін жеткізуді тапсырды.

— Сонымен қатар отырыс барысында жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды және Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы жол апаттарының көбеюіне қатысты жан-жақты талдау жүргізуді, жол апаттары жиі болатын учаскелердегі қозғалысты қадағалау жұмыстарын күшейтуді, қауіпсіз жол инфрақұрылымын жасау бойынша қосымша шаралар қабылдауды, сондай-ақ жолдағы камераларды көбейтуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу