ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021

—  Үкімет отырысында еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. 

— Қазіргі жағдай, халықты вакцинациялау барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел шектеу шараларын қабылдауды, барлық емдеу мекемелерін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етуді, санитарлық нормалар мен маска тағу режимін сақтауды күшейтуді, төсек орын қорының толық дайындығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қоғамдық орындарды, оның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып вакциналаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.

— Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов және энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешен туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын қатысты жағдай туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, өңірлерді дамыту туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов баяндады.

— Үкімет басшысы Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің жауапты орынбасарларына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бергені үшін қатаң сөгіс жариялауды және әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу