ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021

— Үкімет отырысында егін жинау науқаны барысы және Павлодар облысы Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары қаралды.

— 2021 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің «Азық-түлік келісім шарт корпорациясына» астық жеткізуді қамтамасыз етуді, егін жинауды қысқа мерзімде аяқтауды, 2022 жылғы егінге қажетті тұқым қалдыруды қамтамасыз етуді, ауыл шаруашылығы өндірушілерін астықты тұрақты тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

— Павлодар облысының Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндады.

— Премьер-Министр Павлодар облысының Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі бекітілген кешенді жоспарының іс-шараларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу