ҚР Үкіметінің отырысы, 22.11.2022

22 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Кезекті Үкімет отырысы басында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізде өткен Президент сайлауы аясында Үкімет жұмысының алдағы жылдарға белгіленген негізгі бағыттарын атап өтті.

— Отырыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы қаралды. Мәселе бойынша денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады.

— Баяндамашыларды тыңдап болаған Премьер-Министр ауылдарда медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін барлық инфрақұрылымды жаңғырту қажет екенін атап өтті. Осы орайда жоба аясында 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісі салынып, қайта жөнделеді. Сондай-ақ 12 аурухана жаңғыртылып, жаңадан 20 аудандық аурухана ашылады.

— Сонымен қатар Үкімет отырысында 2022 жылы АӨК-ті сумен қамтамасыз ету қорытындысы қаралды. Осы тақырып бойынша экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндама жасады.

— Премьер-Министр трансшекаралық сулар бойынша үкіметаралық келісімдерді жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, каналдар мен су қоймаларын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын күшейту, суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын және жалпы суды цифрлық есепке алуды енгізуді ынталандыру керек екенін айтты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу