ҚР Үкіметінің отырысы, 29.11.2022

29 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкіметтің кезекті отырысын аша отырып, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірлердегі энергетикалық объектілерге толықтай техникалық аудит және объектілердің меншік иелерімен жұмыс жүргізуді, сондай-ақ «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында коммуналдық кәсіпорындардан келіп түсетін әрбір өтінімді мұқият зерттеуді тапсырды.

— Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері қаралды. Осы тақырып бойынша оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баяндама жасады.

Премьер-Министр «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мектептердегі орын тапшылығын болдырмауға, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ жаңа білім ордаларында пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар болады.

— Сонымен қатар отырыс барысында Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы мақұлданды. Осы тақырып бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов баяндама жасады.

— Әлихан Смайылов бастамаларды заң жүзінде уақытылы бекітуді қамтамасыз етуді және көші-қон процестерін автоматтандыру үшін ақпараттық жүйелерді дамыту шараларын қабылдауды тапсырды. Өңір әкімдіктері шетелдік мамандарды тарту үшін квота белгілеу кезінде сол өңірге ең қажетті кадрлардың келуін қамтамасыз етуі және олардың жұмысына бақылауды күшейтуі тиіс.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу