ҚР Үкіметінің отырысы, 29.12.2020

—  Үкімет отырысында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және балық шаруашылығын дамыту мәселесі қаралды.

— Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы еңбек шарттарын электрондық форматқа толық көшіруді, 2030 жылға дейінгі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеуді, жұмыс берушілердің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуді, қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеуді және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қабылдауды тапсырды

— Қазақстандағы балық саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Grand Fish» ЖШС басшысы Сергей Медведев, «Қарағанды-Осетр» ЖШС директоры Дмитрий Абильдин баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин  2030 жылға дейінгі балық саласын дамыту бағдарламасының іс-шараларын уақытылы жүзеге асыруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу