18 Маусым 2019, 15:50
18 маусымда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
— Отырыста медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері, сондай-ақ, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы қаралды.
— Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен байланысты медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері туралы баяндады.
— Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.
— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
— Баспасөз конференциясында А. Аймағамбетов алдағы ҰБТ-ға қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу