Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №100

2021 жылғы 15-21 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні, 16 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб құруды тапсырды. Штабтың жұмыс органы болып Ұлттық экономика министрлігі белгіленді, оған осы жылдың 1 наурызына дейін жол картасы көрсеткіштерінің цифрлық картасын әзірлеу тапсырылды.
  • Сейсенбі күні, 17 ақпанда Премьер-Министр жұмыс сапарымен Шымкент және Түркістан қалаларында болды. Шымкент қаласында А. Мамин өткізу мүмкіндігі сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының, Д. Қонаев даңғылы мен Т. Рысқұлов көшесінің қиылысындағы көлік жолайырығының салыну барысымен танысып, сорғы қондырғыларын, құбыр арматурасын және электр жабдығын шығаратын «Karlskrona LC AB» ЖШС-ға барды. «Шымкент Сити» жаңа шағын ауданының құрылыс алаңында Үкімет басшысына қаладағы тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы баяндалды. Түркістан қ. А. Мамин көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының салыну барысымен, сондай-ақ инвестициялық жобалардың іске асырылуымен және өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетика әлеуетінің дамуымен танысты. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу