Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №102

2021 жылғы 1-7 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысында АӨК дамытудың және инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі бағыттары, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мәселелері қаралды. Бірінші мәселені қарау барысында ҚР Премьер-Министрі аграрлық ғылым мен білімді дамыту бағдарламасын әзірлеу, аграрлық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін білім тарату жүйесімен қамту бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды. Екінші мәселе аясында Асқар Мамин бір ай мерзімде алғашқы денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын дамытудың жол картасын дайындап, оны жылдар мен елді мекендерге бөле отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне жолдауды тапсырды.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көлік және шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.

  • Дүйсенбі күні, 1 наурызда ҚР Премьер-Министрі «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту және орташа шешімдегі Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

  • Бейсенбі күні, 4 наурызда ҚР Үкіметінің басшысы «Шеврон» компаниясының Еуразия-Тынық мұхиты өңіріндегі барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджел Хирнмен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.

  • Бейсенбі күні Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, онда жаңа экономикалық шынайылық жағдайында іскерлік белсенділікті ынталандыру мәселелері қаралды.

  • Сол күні Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында Қазақстанның фармацевтикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Шетелдік өкілдер Қазақстанның пандемиямен күрес және фармацевтикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шараларына жоғары баға берді.

  • Жұма күні ҚР Премьер-Министрі Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда инвестицияларды басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды. Үкімет жұмысының қорытындысы бойынша жыл сайынғы негізде инвестициялар бойынша ұлттық баяндама қалыптастырылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу