Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №104

2021 жылғы 15-21 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 17 наурызда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде Алматы қ. одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өтті. Кеңес қорытындысы бойынша Президент Үкімет пен Алматы қаласы әкімдігінің алдына мегаполис тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар нақты міндеттер қойды.
  • Сейсенбі күні, 16 наурызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Өңдеу өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәселе қаралды. Бірінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы саланы одан әрі тиімді дамытуға, жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған бірқатар тапсырма берді. Екінші мәселені қарау барысында Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне және өңірлердің әкімдіктеріне коронавируспен сырқаттанушылық ошақтарына жедел ден қоюды және шектеу шараларын түзетуді, сондай-ақ вакцинацияның қол жетімділігі мен жаппай болуын қамтамасыз етуге күш салуды тапсырды. 
  • 15 наурызда Үкімет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барып, оның барысында БАӘ вице-президенті және Премьер-Министрі, Дубай әмірі Мұхаммед ибн Рашид әл Мактуммен және Дубай халықаралық қаржы орталығының және «Дубай инвестициялық корпорациясының» басшылығымен келіссөз жүргізді, БАӘ бизнес капитандарымен кездесті. Сонымен қатар А. Мамин «Masdar City» эко-қаласының жобаларымен танысып, Мұхаммед бен Заид атындағы жасанды зерде университетіне барды, БАӘ батырларының «Уахат әл Карама» мемориалына гүл шоқтарын қоюға қатысты. 
  • 18 наурызда Премьер-Министр Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бизнес жүргізу үшін жағдайды жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды және кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді, оның ішінде реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамтуды бақылауды қамтамасыз ету, отандық кәсіпорындарды паспорттауды аяқтау және микроқаржы ұйымдарын құру бойынша мәселелерді жедел шешуді тапсырды.
  • 19 наурызда Асқар Мамин Қазақстанның Еуропалық Одақпен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың отырысын өткізді. Пандемия зардаптарын еңсеру перспективалары және Қазақстанның Еуропалық Одақпен экономиканы қалпына келтіру мәселелері жөніндегі ынтымақтастығы талқыланды.
  • Дәл осы күні Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялық штаб отырысы өтті. ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес отырысында таныстырылған инвестициялар тарту жөніндегі жаңа тәсілдерді іске асыру барысы қаралды. Премьер-Министр іскерлік белсенділікті қалпына келтіру және экономиканың одан әрі сапалы өсуі үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу