Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107

2021 жылғы 5-11 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 6 сәуір күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Отырыста санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды. Үкімет басшысы вакциналанғандардың санын арттыруды, вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, «Ashyq» жобасын енгізуді тапсырды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша А. Мамин жоспарланған жобаларды дер кезінде пайдалануға беруді, битумға деген қажеттілікті қамтамасыз етуді, осы жылдың соңына дейін жолдардың «ақылы болуын» енгізу жұмыстарын аяқтауды тапсырды
  • 7 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы 1 сәуірдегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.
  • 5 сәуір күні ҚР Премьер-Министрі Қарағанды облысының Саран қаласына жұмыс сапары кезінде автомобиль шинасын шығаратын зауыттың құрылысын бастау рәсіміне қатысты. А. Мамин зауыттың Қарағанды облысының экономикасына мультипликативті әсерін тигізетінін, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын және жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын құратынын атап өтті.
  • 7 сәуір күні  Асқар Мамин «WizzAir» әуе компаниясының бас атқарушы директоры Джозеф Варадиді қабылдады. Кездесу кезінде Д. Варади «Абу-Даби – Алматы» және «Абу-Даби – Нұр-Сұлтан» бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар әуе тасымалын бастау туралы уағдаластықтың іске асырылу барысы туралы баяндады. 
  • 9 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «One Web» британдық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сунил Митталды қабылдады. Кездесуде С. Миттал Байқоңыр ғарыш айлағынан спутниктерді ұшыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады. Тараптар Қазақстан аумағын байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты Интернетпен жаппай қамту жөніндегі жобаны іске асыру перспективасын талқылады.
  • Дәл осы күні Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласына барып, «Союз МС-18» басқарылатын кораблінің ұшырылуын және оның Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуін «Роскосмос» ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен бірлесіп бақылады. Одан кейін Премьер-Министр адамның ғарышқа алғаш ұшуының 60 жылдығына арналған конференцияның пленарлық отырысына қатысты.
  • 10 сәуірде А. Мамин Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов келіссөз жүргізді. Үкімет басшылары «Орталық Азия» ХСЭЫО құрылысы жүргізілетін жерге капсула салу рәсіміне қатысты, сондай-ақ ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар «Орталық Азия» ХСЭЫО қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды. Жұмыс сапары аясында Асқар Мамин Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жаңғыртылған «Б. Қонысбаев» өткізу пунктіне барды
  • Дәл осы күні Қазақстан Премьер-Министрі Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешені мен әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымның басқа да ірі нысандарының ашылуына қатысты. Сондай-ақ, Асқар Мамин қаланың басқа да ірі инвестициялық жобаларының іске асырылу барысын тексерді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу