Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №113

2021 жылғы 17-23 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

  • 19 мамыр күні ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысты. Отырыста 2030 жылға дейінгі Қарулы Күштерді, басқа да әскер мен күштік құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жобасы қаралды, cондай-ақ шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

  • 18 мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмыстың қорытынды көрсеткіштері қаралған Инвестициялық штаб отырысы өтті. Отырыста жергілікті атқарушы органдар үшін 2021-2025 жылдарға арналған тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі нысаналы индикаторлар бекітілді.

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтті. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық туралы мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне вакциналау арасындағы аралықты нақты анықтап, халықтың сұраулары мен қалауына назар аударуды, шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын жалғастыруды тапсырды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша А. Мамин 1 маусымға дейін ТКШ, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуді, 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің толық әзірлігін қамтамасыз етуді, 15 қазанға дейін солтүстік және шығыс өңірлердегі ауа райын ескере отырып, барлық инженерлік инфрақұрылымның, ТКШ, тұрғын үй және денсаулық сақтау саласы объектілерінің толық әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды.

  • Дәл осы күні, 18 мамырда Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Екібастұз қаласында Үкімет басшысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаланы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Премьер-Министр энергетика, машина жасау, металлургия өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісі салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты, Екібастұз ГРЭС-1, теміржол саласына арналған жабдықтар мен бұйымдар өндіретін кәсіпорындарды аралап көрді. Павлодар қаласында Асқар Мамин «Қазақстан алюминийі» АҚ кәсіпорындарына, «ТемірМаш» және «ZENITH» зауыттарына барды.

  • 20 мамыр күні Премьер-Министр елордадағы модульдік үй құрылысы технологиясы бойынша салынған алғашқы тұрғын үйге барды және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында модульдік үй құрылысын одан әрі кеңейту жөніндегі жоспарлармен танысты

  • Сонымен қатар бейсенбі күні Асқар Мамин «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен кездесу өткізді. Тараптар көмірсутек шикізатын барлау, өндіру және тасымалдау, сондай-ақ мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың жай-күйі мен перспективасын талқылады.


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу