Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №36

2022 жылғы 19-25 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

 

  • Сәрсенбі, 21 қыркүйекте, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Премьер-Министр тез арада шешілуі тиіс бірқатар мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, Үкімет басшысы азаматтардың ТМККК және МӘМС бойынша өтініштерін айтып, ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету үшін шұғыл шаралар қабылдау және әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.

  • Дүйсенбі күні Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Үкімет басшысы осы елдің іскер топтар өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Инвесторларға тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласы, құрылыс және т. б. салалардағы жалпы сомасы $6,5 млрд-тан астам жаңадан 40 инвестициялық жобалар тізімі ұсынылды. 

  • Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында Әлихан Смайылов БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары – Президент Әкімшілігінің министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша экология, сауда, мәдениет және білім беру салаларында бірқатар екіжақты ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды.

  • Келесі күні Абу-Дабиде «Әл-Бахр» сарайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Премьер-Министр БАӘ Президентіне Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен орманды қалпына келтіру жұмыстарына $1 млн көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. 

  • 21 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Әлихан Смайылов Жол картасының осы жылға арналған іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтауды жеделдетуді, су басып қалатын қауіпті жерлерді ғимараттар салуға беріп қоймау үшін оларды судан қорғау белдеулеріне уақытылы ауыстыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ тиісті құрылыс нормалары мен ережелерінде жауын-шашын кәріздері жүйелерінің өткізу қабілеті нормаларын қайта қарауды тапсырды.

  • ҚР Премьер-Министрі «Eni» компаниясының бас өндірістік директоры Гвидо Брускомен, барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті. Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі компанияның еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін атап өтті. 

  • Осы күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесіп, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту мәселелерін және Қазақстанның медицина саласындағы халықаралық бастамаларын талқылады

  • Бейсенбі, 22 қыркүйекте, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанада Машина жасау және металл өңдеу жөніндегі екінші халықаралық мамандандырылған «Kazakhstan Machinery Fair» көрмесі аясында өткен Қазақстан машина жасаушыларының X форумының пленарлық отырысына қатысты.

  • 23 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Реформалар жөніндегі Жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесіп, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-шараларын талқылады

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу