21 Маусым 2020, 11:38
2020 жылғы 15-21 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
19 маусымда ҚР Үкіметінің кезекті отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және машина жасау саласының дамуы мәселелері қаралды. Премьер-Министр жеке қорғану құралдарының отандық өндірісін ұлғайту және олардың халық үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету шараларын қабылдауды, сондай-ақ машина жасауды дамыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.
Сол күні ҚР Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Онда бизнесті қолдау мәселелері және жаңа экономикалық бағытты қалыптастыру тәсілдері қаралды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу