Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67

Жексенбі, 28 Маусым 2020, 09:54:10

2020 жылғы 22-28 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 23 маусымда ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әлемнің барлық елі, оның ішінде Қазақстанның да коронавирус індетіне қарсы күресіп жатқанын айтты. Осыған орай, мемлекет тарапынан аса маңызды шаралар қолға алынды.

  • Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Үкімет басшысы мұнайға әлемдік бағаның төмендеуіне және сыртқы экономикалық конъюнктураның нашарлауына қарамастан, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының соңғы 6 жылдағы ең жоғары өсімі – 4,5%-ға қол жеткізілгенін атап өтті.

  • 26 маусымда А. Мамин «Nur Otan» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынына қатысып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп берді.

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар және жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау қорытындысы бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтіп, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Екінші сұрақты қарау кезінде Асқар Мамин өңірлердің әкімдіктеріне алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық шараларын күшейтуді, барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың барлық нысанының жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

  • Бейсенбі күні Асқар Мамин Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған министр Алексей Цойды Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына таныстырды. Премьер-Министр коронавирус пандемиясымен күрес жағдайында халық денсаулығын сақтау бойынша денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған міндеттерді шешудің маңыздылығын атап өтті.

  • Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, елді мекендерді газдандыру және «таза» көлікті дамыту арқылы ауаның ластануын төмендету мәселелерін қарады.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бір ай мерзімде Индустрия 4.0 элементтерін дамыту және «Модельді цифрлық фабрикалар» жобасын кеңейту бойынша реттеуші және ынталандырушы шаралар кешені бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
24 Ақпан 2021, 14:32
Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 10:31
Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
23 Ақпан 2021, 18:58
Елбасы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады
23 Ақпан 2021, 17:15
Әлеуметтік тұрақтылық және жұмыспен қамтуды сақтау: Қазақстанның өнеркәсіп секторы 2020 жылды оң даму қарқынымен аяқтады
23 Ақпан 2021, 16:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді
23 Ақпан 2021, 15:56
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.02.2021
23 Ақпан 2021, 15:42
Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді — Б. Атамқұлов
23 Ақпан 2021, 15:23
Мобильді топтардың дайындығы, ауа райы жағдайының мониторингі, су деңгейін бақылау — су тасқыны кезеңіне дайындық қалай өтуде
23 Ақпан 2021, 15:08
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды
23 Ақпан 2021, 13:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №72 Қаулысы
23 Ақпан 2021, 11:48
Қазақстан экономикасын әртараптандыру АӨК әлеуетін ашу, индустрияландыру және сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылады
23 Ақпан 2021, 10:30
Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін қарады
23 Ақпан 2021, 10:00
Қазақстанда биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған
23 Ақпан 2021, 09:30
Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА Макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісімге қол қойды
22 Ақпан 2021, 10:56
23 ақпан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2021, 10:47
Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
21 Ақпан 2021, 10:02
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №100
20 Ақпан 2021, 10:59
«Fitch Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты»
19 Ақпан 2021, 19:32
Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды
19 Ақпан 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады
19 Ақпан 2021, 12:19
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын насихаттау, отандық туризмді қолдау — 2020 жылы ҚР мәдениет және спорт саласы қалай дамыды
19 Ақпан 2021, 11:08
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб өз жұмысын бастады
19 Ақпан 2021, 10:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №35 Қаулысы
19 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №42 Қаулысы
18 Ақпан 2021, 16:12
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның cыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады
18 Ақпан 2021, 10:22
Экологиялық бастамалар, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның геология және табиғи ресурстар саласының дамуы
17 Ақпан 2021, 16:55
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді
17 Ақпан 2021, 15:57
Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады
17 Ақпан 2021, 10:38
Moody’s кредиттік агенттігі Қазақстан экономикасы бойынша кредиттік пікір жариялады 
16 Ақпан 2021, 19:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
16 Ақпан 2021, 17:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №47 Қаулысы
16 Ақпан 2021, 14:30
Қазақстанда жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қорын құру көзделуде – Н. Ноғаев
16 Ақпан 2021, 13:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.02.2021
16 Ақпан 2021, 13:02
Қазақстанда 2021 жылдың бірінші айында 801 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
16 Ақпан 2021, 12:33
Биылғы қаңтарда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 75,2%-ға ұлғайды
16 Ақпан 2021, 12:24
ҚР Қаржы министрлігі: жергілікті бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспарлар республиканың барлық өңірінде асыра орындалды
16 Ақпан 2021, 12:01
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»: Үкімет Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын бекітті
16 Ақпан 2021, 11:45
Шағын және орта бизнес ‒ жұмыс орындарын құрудың және халықтың табысын арттырудың негізгі көзі — Ә. Ерғалиев
16 Ақпан 2021, 11:23
Азаматтар алынған жинақтардың 87%-ын баспана мәселелерін шешуге бағыттауға ниетті — ҚР Ұлттық банкі 
16 Ақпан 2021, 11:04
Тимур Жақсылықов ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды
16 Ақпан 2021, 10:13
Биылғы қаңтар айында ҚР экономикасының негізгі салалары өсу қарқынын сақтап қалды     
15 Ақпан 2021, 19:18
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2021, 16:47
Қазақстан Президенті Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңес өткізді
15 Ақпан 2021, 12:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №46 Қаулысы
15 Ақпан 2021, 12:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №52 Қаулысы
15 Ақпан 2021, 12:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №49 Қаулысы
15 Ақпан 2021, 12:09
Павлодар облысының 2020 жылғы даму қорытындылары: экономиканың базалық салалары бойынша оң динамика қамтамасыз етілді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.