Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №74

2020 жылғы 17-23 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысында жұмыспен қамту мәселелері және балық саласын дамыту перспективалары қаралды. Бірінші мәселені қарау барысында Асқар Мамин Электрондық еңбек биржасының бизнес-процестерін оңтайландыру, жұмыспен қамту шараларымен проактивті қамтуды дамыту және оларды іске асыру мониторингін күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы биылғы 1 қарашаға дейін нақты индикаторлар мен іс-шараларды көрсете отырып, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, бекітуді тапсырды.

  • Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, онда өңірдің фармацевтика саласының дамуымен танысты, инфрақұрылымдық нысандарды аралап, республикалық кеңес өткізді.

  • Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен «100 нақты қадам» ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының қатысушыларымен кеңес өтті. Асқар Мамин Үкімет мүшелеріне өздерінің салалық командаларымен тұрақты жұмыс кездесулерін өткізуге ерекше назар аударуды және алға қойылған міндеттерді іске асыруға қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.

  • Жұма күні Үкімет басшысы «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен кездесу өткізді. Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу