Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №86

2020 жылғы 9-15 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 13 қарашада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында пандемия кезінде отандық өндірушілерді қолдау шаралары және «Самұрық-Қазына» қорын инвестициялық холдингке айналдыру мәселесі қаралды.

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Онда 2020 жылғы қаңтар-қазандағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Отырыс барысында сөз сөйлеген министрлер мен әкімдер экономиканың негізгі секторларының дамуының оң динамикасын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне 2020 жылға жоспарланған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуді және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

  • 9 қарашада ҚР Премьер-Министрі А. Мамин коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді. Асқар Мамин министрліктер, ведомстволар басшыларының және бірқатар облыс әкімдерінің баяндамаларын тыңдап, жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды және мәселені тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Қызыл және сары аймақтардағы өңірлердің әкімдеріне ерекше назар аудару тапсырылды.

  • 12 қарашада Премьер-Министр Азия даму банкінің ҚР-дағы өкілдігінің директоры Нариман Маннапбековті қабылдады. Тараптар инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті, денсаулық сақтауды дамыту және пандемия салдарының Қазақстан экономикасына әсерін азайту жобаларын іске асыруда ҚР мен АДБ-ның одан әрі ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

  • Сенбі күні Асқар Мамин елорданың жаңа шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысын тексерді. Үкімет басшысы барлық құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, нысандарды жоспарланған мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу