Жаңалықтар

Серік Жұманғарин еліміздің ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен саланы дамыту мәселесін талқылады

24 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен іскерлік таңғы ас өткізді. Кездесуде  мемлекеттік органдармен бірге «Родина» ЖШС, «Зенченко и К» КС, Картоп және көкөніс өсірушілер одағы, Макинск құс фабрикасы, «Еңбек» ЖШС, Қазақстанның астық консорциумы, Қазақстан қой өсірушілер одағы, «Галицкое» ЖШС, «DALA-FRUIT.KZ» компаниялар тобы, «Райымбек Агро»  ЖШС, Кредиттік серіктестіктер қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП және басқа да ұйымдар басшылары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді алаңдататын және аса өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Әлихан Смайылов Shell компаниясының өкілімен мұнай-газ саласын дамыту мәселелерін талқылады

Бейсенбі, 24 қарашада, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юновичпен кездесті.

Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен Шымкент пен Түркістан облысына барды

Түркістан облысына және Шымкент қаласына сапары аясында Серік Жұманғарин бизнес өкілдерімен және тұрғындарымен кездесіп, өңірдің өндірістік кәсіпорындарын аралады.

Әлихан Смайылов Канаданың ЕО және Еуропа бойынша арнайы уәкілімен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Канада Премьер-Министрінің ЕО және Еуропа бойынша арнайы уәкілі, Канаданың Франциядағы Елшісі Стефан Дион Қазақстан-Канада ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді 

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Үкіметте бизнесті дамыту мәселесі талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлікті дамыту жөнінде кеңес өткізді. 

Үкіметтің қолдау бағдарламалары ауылдың жаңа моделін қалыптастыруға бағытталады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс өткен жаңа сайлаудағы жарқын жеңісі бүкіл ел көлеміндегі бетбұрысты сәт.

Жаңа мемлекеттік саясат үш қағидатқа негізделетін болады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кезекті отырысын аша отырып, Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Жаңалықтар тізбегі

Биыл Атырау облысында 672,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Атырау облысы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бойынша жыл сайын еліміз бойынша алдыңғы орынды иеленіп келеді. Тұрақты үрдіске айналған бұл жетістік – еліміздің батысындағы мұнайлы да шырайлы өлкеде өркенді істердің лайықты жалғасын тауып келе жатқанының айғағы. 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында облыстың әлеуметтік-экономикалық түрғыда қалай дамығаны туралы шолу ұсынамыз.

Екібастұзда Үкімет мүшелерінің қатысуымен Жедел штабтың отырысы өтті

Қазіргі уақытта Екібастұзда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «ОАЭК» АҚ акционерлері, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтіп жатыр.

Көші-қон саясатының тұжырымдамасында Қазақстанға тапшы мамандықтар бойынша 500 мықты маманды тарту көзделген – ЕХӘҚМ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы мақұлданды. Осы тақырып бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов баяндама жасады.

ЕЭК Кеңесінде шоколад сапасына және ЕАЭО елдерінің биржаларында бағалы қағаздар айналымына трансшекаралық рұқсатқа қойылатын талаптар бекітілді

Онлайн режимде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің биржаларында бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа еркін трансшекаралық рұқсатты айқындайтын және шоколад өндірісіне қойылатын талаптарды күшейтетін бірқатар құжаттарды қабылдады.

Серік Жұманғарин еліміздің ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен саланы дамыту мәселесін талқылады

24 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен іскерлік таңғы ас өткізді. Кездесуде  мемлекеттік органдармен бірге «Родина» ЖШС, «Зенченко и К» КС, Картоп және көкөніс өсірушілер одағы, Макинск құс фабрикасы, «Еңбек» ЖШС, Қазақстанның астық консорциумы, Қазақстан қой өсірушілер одағы, «Галицкое» ЖШС, «DALA-FRUIT.KZ» компаниялар тобы, «Райымбек Агро»  ЖШС, Кредиттік серіктестіктер қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП және басқа да ұйымдар басшылары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді алаңдататын және аса өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халыққа үлестірілген төлемдер мен жәрдемақылар бойынша ақпарат берді. Оған сәйкес, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 92, 2 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды, ал 699 мыңнан астам адамға АӘК берілді, көп балалы отбасылар 283,7 млрд теңгеге жәрдемақы алып, мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 364 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді, сондай-ақ қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.

Қарағанды облысының ел экономикасында маңызы зор

Қарағанды облысы Қазақстан индустриясының іргетасы саналады. Облыста соңғы жылдары шешімін тауып жатқан шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында айтылған негізгі басымдылықтармен тікелей байланысты. Осы орайда 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалай дамығаны туралы шолу ұсынамыз.

Негізгі өзен бассейндерінде, әсіресе елдің оңтүстік аймақтарында вегетациялық кезең тұрақты өтті – С. Брекешев

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіп кешенінде су ресурстарын пайдалану мәселелері қаралды. Осы тақырып бойынша экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндама жасады.

Әрі қарай