Шолулар

Жалақыны көбейту, бизнесті қолдау, білім беруді жақсарту және инфрақұрылымды жаңғырту: ҚР Президентінің Жолдаулары қалай іске асырылып жатыр

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды, оның негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады деп күтілуде.

Президент тапсырмаларын орындау: Павлодар облысында негізгі макрокөрсеткіштердің оң динамикасы байқалады

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өз Жолдауында ең алдымен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар қосымша бастамаларды атап өтті. Еліміздің ірі индустриялық орталықтарының бірі – Павлодар облысында әлеуметтік сала мәселелері қалай шешіліп жатыр, шағын және орта бизнеске қандай қолдау шаралары көрсетіледі, жалпы осы жылдың 7 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары қандай — материалдан оқыңыздар.

ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру тетіктері жетілдірілетін болады – ҚР АҚДМ

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Ведомство басшысы өңірдегі ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен, халықпен кездесті. 

ТЖМ азаматтық қорғау саласында өзара іс-қимыл жасауға дайын – Ю. Ильин 

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. Ведомство басшысы Ақтөбе қаласының тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездесті, сондай-ақ азаматтарды қабылдады. 

Президент тапсырмаларын орындау: елдің энергетикалық қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі 

Бүгін ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындыларына сәйкес Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша ақпарат, сондай-ақ халықтың табысын ұлғайту бағдарламасы бойынша І жартыжылдықтың қорытындыларын ұсынды.

Ұлттық экономика министрі Қостанай және Қызылорда облыстарының тұрғындарымен кездесті

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары өңірлерге барып, халықпен кездесу өткізуге тапсырма алды. Осы орайда ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қостанай және Қызылорда халқымен кездесті. Кездесу барысында министр ведомство жетекшілік ететін негізгі бағыттар туралы баяндады.

2026 жылға қарай отандық қант өндірісін 7 есе арттыру жоспарланып отыр – Бақыт Сұлтанов

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифиг өтті. Онда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндама жасады.

Денсаулық сақтау министрі Шымкент қаласы мен Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген тапсырма мен жұмыс жоспары бойынша Шымкент қаласы мен Түркістан облысына барып, есеп беру мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.

Жаңалықтар тізбегі

Биыл Атырау облысында 672,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Атырау облысы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бойынша жыл сайын еліміз бойынша алдыңғы орынды иеленіп келеді. Тұрақты үрдіске айналған бұл жетістік – еліміздің батысындағы мұнайлы да шырайлы өлкеде өркенді істердің лайықты жалғасын тауып келе жатқанының айғағы. 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында облыстың әлеуметтік-экономикалық түрғыда қалай дамығаны туралы шолу ұсынамыз.

Екібастұзда Үкімет мүшелерінің қатысуымен Жедел штабтың отырысы өтті

Қазіргі уақытта Екібастұзда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «ОАЭК» АҚ акционерлері, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтіп жатыр.

Көші-қон саясатының тұжырымдамасында Қазақстанға тапшы мамандықтар бойынша 500 мықты маманды тарту көзделген – ЕХӘҚМ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы мақұлданды. Осы тақырып бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов баяндама жасады.

ЕЭК Кеңесінде шоколад сапасына және ЕАЭО елдерінің биржаларында бағалы қағаздар айналымына трансшекаралық рұқсатқа қойылатын талаптар бекітілді

Онлайн режимде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің биржаларында бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа еркін трансшекаралық рұқсатты айқындайтын және шоколад өндірісіне қойылатын талаптарды күшейтетін бірқатар құжаттарды қабылдады.

Серік Жұманғарин еліміздің ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен саланы дамыту мәселесін талқылады

24 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен іскерлік таңғы ас өткізді. Кездесуде  мемлекеттік органдармен бірге «Родина» ЖШС, «Зенченко и К» КС, Картоп және көкөніс өсірушілер одағы, Макинск құс фабрикасы, «Еңбек» ЖШС, Қазақстанның астық консорциумы, Қазақстан қой өсірушілер одағы, «Галицкое» ЖШС, «DALA-FRUIT.KZ» компаниялар тобы, «Райымбек Агро»  ЖШС, Кредиттік серіктестіктер қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП және басқа да ұйымдар басшылары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді алаңдататын және аса өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халыққа үлестірілген төлемдер мен жәрдемақылар бойынша ақпарат берді. Оған сәйкес, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 92, 2 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды, ал 699 мыңнан астам адамға АӘК берілді, көп балалы отбасылар 283,7 млрд теңгеге жәрдемақы алып, мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 364 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді, сондай-ақ қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.

Қарағанды облысының ел экономикасында маңызы зор

Қарағанды облысы Қазақстан индустриясының іргетасы саналады. Облыста соңғы жылдары шешімін тауып жатқан шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында айтылған негізгі басымдылықтармен тікелей байланысты. Осы орайда 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалай дамығаны туралы шолу ұсынамыз.

Негізгі өзен бассейндерінде, әсіресе елдің оңтүстік аймақтарында вегетациялық кезең тұрақты өтті – С. Брекешев

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіп кешенінде су ресурстарын пайдалану мәселелері қаралды. Осы тақырып бойынша экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндама жасады.

Әрі қарай